Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігі мен батысында - тұман, солтүстік аймақтарда боран болады

АСТАНА. Желтоқсанның  30-ы.  ҚазАқпарат -  Синоптиктердің сәрсенбіге  жасаған  болжамына сәйкес,  Қазақстанның  оңтүстігі  мен  батысында    тұман  сақталады,  ал   солтүстік аймақтарда  боран   болады,   қатты жел тұрады,  
None
None

  деп хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

Хабарламада нақтыланғандай,  облыстардың  басым       бөлігі    антициклонның оңтүстік-батыс  бөлігінің   әсерінде, ал батыс  және  солтүстік  облыстар    атмосфералық     шептің    аумағында  болады.

 Алматы, Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман түседі.  Қызылорда,Қостанай, Қарағанды облыстарының  да кей аудандарында тұман  сақталады, көктайғақ  болады.   Оңтүстік Қазақстан облысында да   тұман болады,  шығыстан  15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел   соғады.

 Солтүстік  Қазақстан,  Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында,    ал түнде  Павлодар  облысында    кей   жерлерде    боран  болады,  желдің  екпіні 15-22 метр/секундқа жетеді.

 Батыс Қазақстан,  Ақтөбе,  Маңғыстау, Атырау  облыстарында - кей жерлерде тұман, көктайғақ  болады, 15-20 метр/секунд жылдамдықпен   жел соғады.

Соңғы жаңалықтар