Синоптиктердің жексенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қыркүйек антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық, тек еліміздің солтүстігінде, батысында және шығысында фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батыста, орталығында және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі
Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл, Атырау, облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар