Синтетикалық есірткі сақтаған көкшетаулық азамат 4 жылға сотталды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетау қаласының тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

синтетикалық есірткі сақтаған
Фото: Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық сотында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін қала тұрғынына қатысты ашық сот отырысы өтті. 

К есімді азаматтың Telegram мессенджері арқылы психотроптық заттарды сатып алғаны анықталды. Полиция қызметкерлері оны көп ұзамай қолға түсірген. Ұсталған кезде күдікті масаң күйде болған. 

«Сот азамат «К»-ны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Сонымен бірге аталған азамат нашақорлықтан емделетін болды. Жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу мақсатында сот отырысына студенттер тыңдаушы ретінде қатысты», - деді ведомстводан.

сотталды
Фото: Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Айта кетсек, бұған дейін көкнәр тұқымын сатқан көкшетаулық әйелдің 10 жылға сотталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар