Сирек дертке шалдыққан қазақстандық бүлдіршінге қолдау қажет
«Керей есімді бүлдіршін сирек кездесетін, Қазақстанда емделмейтін дертке душар болды. Алла тағала сақтап, жаны аман қалды. Ота жасау (операция) тек Түркия мамандарының қолынан келеді екен. Керей батырдың сағаты өткелі тұрған кезде операцияны қарызға жасау деген шешім қабылданған екен. Жалпы керек 30 млн теңгенің жартысы жиналды, енді 14 млн теңгеден аса сома керек. Ел болып жинап берсек жақсы болар еді. Анық-қанығын келтірілген аккаунт пен телефон арқылы біле аласыз. Ақпараттың шын екеніне өзім кепілдік беремін», - деп жазды Facebook қолданушысы Думан Қожахметов.
Сондай-ақ, баланың ата-анасы отандастарымыздан емхана алдындағы қарызды жабуға көмектесуін сұрайды. Олар үшін кез келген сома маңызды.
«2022 жылдың 8 желтоқсанында Керей 2 айға толғанда өте сирек кездесетін диагноз қойылды. Атауы өт жолдарының атрезиясы, бауырдың қайталама билиарлы циррозы. Емдеудің жалғыз жолы трансплантациялау болды. Отаның құнын білген соң, 23 желтоқсанда қазақстандық қормен шарт жасасып, 7 қаңтарда шұғыл операцияға Түркияның «Медикал парк Анталья» клиникасына ұшып бардық. Керейді шұғыл тексерді, барлық анализді тапсырдық, нәтижесі көңіл көншітпеді. Түркияда қажетті сома жиналғанша бір ай күттік, қолдау баяу жүрді. Баланың бауыры нашар жұмыс істеді, егер трансплантация уақытында жасалмаса, оның салдары басқа органдарға әсер ететін болды. Керейдің жағдайын ескере отырып, дәрігерлер уақыт жоғалтпастан шұғыл ота жасады. Ота қарызға жасалды, шарт жасасқан қор бізге кепіл болды. 13 ақпанда Керейге бауыр трансплантациясы жасалып, ол 4 күн бойы реанимацияда жатты. Қазір балам емханада ем қабылдап, ақырындап қалыпқа келуде», - деп жазды сәбидің анасы Меруерт Жомартқызы.
Керейге қол ұшын созуға ниеттілер үшін реквизиттер: телефон (+kaspi) +7 747 609 89 79, карта 4400 4302 5996 0539 Меруерт Д.