17:35, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Сирек кездесетін көбелектерді өлтірген британдықтың басына қара бұлт үйірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бристолдық Филип Каллен Англияның батысында Голубянка арион көбелектерін аулап, кейіннен оларды өлтіріп, өзінің коллекциясына шыны астына жинаған. Полиция Калленнің үйінде тінту жүргізіп, көбелектері бар 30 жайманы тапты.

Британдықты көбелектерді аулағаны, өлтіргені және сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. БАҚ-тың дерегі бойынша, бұл Ұлыбританиядағы осы сипаттағы алғашқы жағдай.
Бұл көбелектер Ресейде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Моңғолия, Қытайдың солтүстік-шығысы мен Кореяда бар. 1979 жылы Ұлыбританияда көбелектер жаппай жоғалған. 1980 жылы оларды Швециядан алдырған. Оның таралымын қалпына келтіру үшін ширек ғасыр қажет болды.