Сирек кездесетін өрмекші құны 15 млн. АҚШ долларын құрайтын құрылысты тоқтатуға себепші болды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өрмекшілердің сирек кездесетін түрі Техас штатының Сан-Антонио қаласында табылды.

Сирек кездесетін өрмекші құны 15 млн. АҚШ долларын құрайтын құрылысты тоқтатуға себепші болды

 Бұл жәндіктердің анықталуы жергілікті билікті  жобасы 15 млн. долларға бағаланған құрылысты тоқтатуға мәжбүрледі.

 Cicurina venii атты бұл өрмекші үңгірлерді мекендейді. Табиғатынан көздері болмайтын осы жәндік мемлекет тарапынан қорғалады. Бұл өрмекші 1980 жылдан бері екінші рет қана анықталып отыр.