Сирек кездесетін тостаған 18 млн. АҚШ долларына сатылды

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Гонконгте өткен бәссаудада сирек кездесетін ақшыл көк тостаған 18 млн. АҚШ долларына сатылды.
None
None

Бұл ерекше керамикалық өнер туындысы XV ғасырдың ортасында Қытай императоры Чжу Цзяньшэнь билігі кезінде жасалған. Аукционды ұйымдастырушылардың айтуынша, екі жағынан бірдей өрнек түскен тостаған Мин әулетінің ең басты бұйымдарының бірі болып табылады. «Сарай тостағаны» деген атқа ие болған ыдыс көптеген жылдар бойы жеке коллекция жиюшының қолында болып келген. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар бұл Қытай өнерінің коллекциясын жинаушылар үшін ерекше мүмкіндік екендігін айтуда. Бәссаудаға тігілген тағы бір құнды зат - Тан династиясы кезінен келе жатқан Будданың басы. Көне Қытай діни өнерінің мүсіні 30 млн. АҚШ долларына сатылды. Бұл туралы 24 kz. хабарлады.

Соңғы жаңалықтар