Siri Сирия туралы айтқан Ұлыбритания қорғаныс министрінің сөзін бөлді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбритания қорғаныс министрі Гэвин Уильямсон парламентте баяндама оқып тұрған кезде Siri мобильдік қосымшасы оның сөзін бөліп тастады. Youtube видеохостингінде тараған осы ролик қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі. 

Siri Сирия туралы айтқан Ұлыбритания қорғаныс министрінің сөзін бөлді

Г.Уильямсон Сириядағы жағдай туралы айтып тұрғанда оның төсқалтасындағы iPhone маркалы телефоны іске қосылып кеткен.

«Мен «Сирия демократиялық күштері» сауалы бойынша интернеттен кейбір нәрселерді таптым», - деп сайрай жөнелді Siri.

Министр бұл жағдайды күлкімен жеңіп, тыңдаушыларынан кешірім сұрады.