Сирия армиясы Дамаск түбінде көтерілісшілерге шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның үкіметтік әскері Дамаскінің шығысындағы көтерілісшілердің бекінісіне шабуыл жасады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Сирия армиясы Дамаск түбінде көтерілісшілерге шабуыл жасады

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Сирияның әскери әуе күштері Джобар ауданында исламшылдардың қорғаныс бекінісіне шабуылдаған. Бұған жауап ретінде көтерілісшілер оларды минометпен атқылаған.

Шолушылардың атап өтуінше, қолына қару алып билікке қарсы шыққан оппозицияның арасында алауыздық туындауда. Мәселен, сейсенбі күні көтерілісшілер қозғалысы көшбасшыларының бірі қуғынға ұшыраған. Сирияда азаматтық соғыс басталғаннан бергі 40 айдың ішінде 170 мыңнан астам адам қаза тапты.

Айта кетейік, өткен айда Башар Асад елдің президенті лауазымына қайта сайланған еді. Оған халықтың 89 пайызы дауыс берді. Бірақ сайлаудың мұндай нәтижесін оппозиция мойындамай отыр.