08:10, 10 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Сирия әскерилері Иракқа кетіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Башар Асад билігі құлағалы Сирия үкімет әскерінің 4 мыңнан аса жауынгері Иракқа өтіп кетті, деп хабарлайды 24kz.

Олар қару-жабдығы мен көліктерін тапсырған. Қазір әскерилер онда уақытша орталыққа орналастырылған. Сирияда қарашаның соңында жағдай күрт ушығып, үкімет жасағы мен көтерілісшілер арасында қарулы қақтығыс басталғаны белгілі. 8 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер ел астанасы – Дамаскіні басып алып, президент Башар Асад билігін құлатты.
Еске сала кетейік, Түркия Сириядағы саясатының 3 негізгі басымдығын белгілегенін жазған болатынбыз.
Сирияның кейбір қалаларында коменданттық сағат енгізілді.