11:36, 14 Қазан 2013 | GMT +5
Сирия астанасында 2 жанкешті өзін-өзі жарып жіберді
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс шаһардағы телеорталық ғимаратында болған. Оның соңы өртке ұласып, салдарынан ғимарат жанып кетті.

24 kz-тың хабарлауынша, қос жарылысты 2 жанкешті жасаған. Әзірге зардап шеккендер жайлы нақты мәлімет жоқ. Кейбір ақпарат көздері 2 күзетшінің мерт болғанын хабарлайды. Айта кетейік, жақында БҰҰ-ның сарапшылары тоқтаған қонақ үй маңында да 2 бірдей жарылыс болған. Салдарынан 8 жастағы бір бала қаза тапты. Тағы 11 адам жарақат алды. Ал сарапшылар дін аман.