Сирия базарындағы жарылыстан 60 адам жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның Идлиб провинциясының солтүстігіндегі Аль-Дана қаласында базар аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды Al Masdar.

Сирия базарындағы жарылыстан 60  адам жараланды

Теракт салдарынан 10 адам көз жұмып, 60 адам зардап шекті. «Российская газета» хабарлағандай, әзірге жарылысты ешқандай қарулы топ өз мойнына алмаған.