Сирия билігі химиялық қаруын халықаралық бақылауға беруге келісті
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сирия билігі химиялық қаруын халықаралық бақылауға беруге келісті. Утро.ру-дың хабарлауынша, бұл жайында Мәскеуде Сирия СІМ басшысы РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесу барысында мәлім еткен.
Естеріңізге сала кетейік, сәл бұрынырақ РФ Сыртқы істер министрлігі Дамаскіні егер АҚШ-тың әскери килігуіне тосқауыл болатын болса, онда химиялық қаруды халықаралық бақылауға беруге шақырған еді.