Сирия билігі «жаппай рақымшылық» жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның Президенті Башар Асад «жаппай рақымшылық» жариялады.
Бұл шара рақымшылыққа дейінгі барлық қылмыстарға қатысты болмақ.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, осы рақымшылық бойынша толық мәліметтер әзірге хабарланбай отыр.
Айта кетейік, өткен аптада Башар Асад жаңа мерзімге қайта сайланып, дауыс берушілердің 89 пайызының қолдауына ие болды. Қазіргі мемлекет басшысына 11,6 млн. сайлаушылардың 10,2 миллионы дауыс берді. Алайда, көтерілісшілер сайлаудың нәтижесін мойындамай отыр.