Сирия бойынша бейбіт конференция 22 қаңтарда ашылады

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, Сирия бойынша бейбіт конференция Женевада 22 қаңтарда өтеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Сирия бойынша бейбіт конференция 22 қаңтарда ашылады
«Қайғы-қасірет пен күйзеліске нүкте қою мүмкіндігін пайдаланбау кешірілмес ауыр жүк болар еді», - делінген БҰҰ мәлімдемесінде. Құжатта өңірде Сирия Президенті Башар Асадтың негізгі одақтасы Иранның конференцияға қатысуы жайында атап өтілмеген. Сирия оппозициясы ел Президенті өзінің лауазымынан келіссөздерге дейін кетуі тиіс дегенді алға тартуда.