Сирия: көтерілісшілер Дамаск қаласын зымырандармен атқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда көтерілісшілер Дамаск қаласын зымырандармен атқылап, 7 адам қаза тапты, деп жазады Би-би-си.

Сирия: көтерілісшілер Дамаск қаласын зымырандармен атқылады

Британияда орналасқан Сирияда адам құқықтары сақталуын сараптау орталығының мәліметінше, «Ислам әскері» деп аталатын топ 40-тан астам зымыран атқан.

Көтерілісшілер болса, бұл әрекеттерін мемлекет әскерінің әуе шабуылына қарымта жауап деп атаған.