Сирия мәселесі бойынша «Женева-2» қараша айында өтпейді - Лахдар Брахими

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы қарашада Женевада өтуі тиіс Сирия бойынша халықаралық бейбіт конференция кейінге шегерілді. Бұл туралы ресейлік және америкалық дипломаттармен келіссөздерден кейін БҰҰ мен Араб елдері лигасының арнайы өкілі Лахдар Брахими мәлім етті, деп жазады ВВС.
None
None

Осы орайда Брахими аталған конференция жыл соңына қарай ұйымдастырылуына бар күш-жігерін салып жатқандығын жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, «Женева-2» конференциясына «оппозициялық топтардың қатысуы қажет пе?» деген мәселе бойынша сириялық оппозиция арасындағы келіспеушілік ең басты кедергілердің бірі болып отыр.

Сирия бойынша бейбіт конференцияны өткізу талпынысы қатысушылардың құрамын қалыптастыру аясындағы пікір алмасулармен қиындап отыр.

Мәселен, Ресей тарапы «Женева-2» шарасына Иран елінің қатысуын талап етуде.

Брахими 25 қарашада ресейлік және америкалық дипломаттармен қайта кездесетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар