Сирия мен Иракқа әлемнің 100-ден астам елінен 30 мың содыр шоғырланған

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ мәліметтеріне сүйенсек, Сирия мен Иракқа әлемнің 100-ден астам елінен 25-30 мың содыр шоғырланған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Ерлан Қарин мәлім етті.
None
None

«Лаңкестік әрекеттердің ошағы Ирак пен Сирияға ауысып отыр. Бұл елдерге ИГИЛ, ДАИШ сияқты аса қауіпті ұйымдар көз тіге бастады. Сарапшылардың айтуынша, бұрын Ауғанстан мен Пәкістан өңірлерінде етек жайған бұл ұйымдар енді өз қызметін Сирия мен Иракқа ауыстырды. БҰҰ-ның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Сирия мен Иракқа әлемнің 100-ден астам елінен 25-30 мың шетелдік содыр шоғырланған. 2015 жылдың жеті айында ғана бұл елдерге 7 мыңнан аса шет елдердің азаматтары содыр болып барған»,-дейді Е.Қарин. Оның айтуынша, Тунис, Сауд Арабиясы, Иордания, Морокко сияқты елдерден кейін Сирия мен Иракққа Еуропа елдерінің содырлары келе бастаған. Яғни, тероррлық ұйымдардың радикалды идеологиясы географиялық аумағын кеңейтіп жатыр. «Еуропадан барып жатқан содырлардың көбі Франция, Германия, Британия, Бельгия, Швеция, Австрия, Нидерланды, Дания, Норвегия, Испания, Италия сияқты елдердің азаматтары. Яғни, радикалды экстремистік идеология әртүрлі елдерді, тіпті, әлеуетті Еуропаның елдерін де қамтып жатқанын айтуға болады»,-дейді Е.Қарин.

Соңғы жаңалықтар