Сирия оппозициясы Иранның келіссөздерге қатысуына қарсы
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Сирияның негізгі оппозициялық тобы - Ұлттық сириялық коалиция елдегі дағдарысты шешуге арналған келіссөздерге Иран өкілдері қатысатын болса өздерінің бас тартатындығын мәлімдеді.
ВВС-дің хабарлауынша, аталған жиынға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун тарабынан шақырту алған Иран Сирия президенті Башар Асадтың жақтасы. Сондықтан да оппозиция бұл келіссөздерге олардың қатысуына қарсылық танытып отыр.
Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Швейцарияда Сирияға қатысты өтетін жиынға Иран делегациясын шақырғандығын мәлімдеген болатын. Келіссөздер 22 қаңтарда басталады.