Сирия оппозициясының Астана процесінен не күтетіндігі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия оппозициясының кеңесшісі Яхья аль-Ариди Сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесуден (Астана процесі) не күтетіндіктерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сирия оппозициясының Астана процесінен не күтетіндігі белгілі болды

БАҚ өкілдерінің егер Астана келіссөздері нәтижесіз болса Женевада одан ары талқылау бола ма деген сауалына жауап берген ол: «Астана кездесуі Сириядағы соғысты тоқтатуға қол жеткізу, сонымен қатар адамдардың өміріне қатысы бар жекелеген проблемалар үшін ойластырылған», - деді.

«Егер бұл мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілетін болса, онда қорытынды құжат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 қарарына және 2012 жылғы женевалық коммюникеге сәйкес саяси ауысуды ілгерілету үшін Женевада ұсынуға барынша салмақты болады», - деп қосты Яхья аль-Ариди.

Айта кетейік, елордадағы «Риксос» қонақ үйінде өтіп жатқан Сирия жанжалын реттеу жөніндегі халықаралық кездесуге Сирияның үкіметтік делегациясынан БҰҰ жанындағы осы елдің тұрақты өкілі Басар аль-Джафари, шамамен 15 оппозициялық топтың өкілі, РФ Президентінің сириялық реттеу мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия  Сыртқы істер министрнің орынбасары Седат Онал Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Садек Хусейн Джабери Ансари, БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Стаффан де Мистура мен Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джорд Крол қатысуда.