19:24, 28 Мамыр 2015 | GMT +5
Сирия оппозициясының ешқайсысы «Ислам мемлекеті» қозғалысын қолдап отырған жоқ - Н. Сарбас
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия оппозициясының ешқайсысы «Ислам мемлекеті» қозғалысын қолдап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін елордада сириялық оппозиция өкілдері келіссөздерінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Сириядағы күрдтер қозғалысының өкілі Наби Сарбас мәлім етті.

«Ислам мемлекеті» қозғалысына қас жауымыздай қарап отырмыз. Оппозицияның ешқайсысы оларды қолдап отырған жоқ. Идеология мен басқа да мәселелер бойынша біз «ИМ» өкілдерінің қас дұшпанымыз»,-деді Н. Сарбас.
Осы орайда ол сириялық дағдарыс бойынша шешімді барынша тезірек жасау керек екенін атап өтті.
«Біздің ұранымыз - бостандық. Менің ойымша, «Ислам мемлекеті» қозғалысы бостандық ұстанымын насихаттамайды, олар өздерінен өзгеше адамдардың барлығын өлтіруде. Экстремизм, бұл зардабы ауыр құбылыс. Өркениетті елді құру үшін оған қарсы іс-қимылды барынша тезірек табу қажет»,-деді Н. Сарбас.