Сирия оппозициясының өкілдері Астанаға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға келген сириялық қарулы оппозиция делегациясының бір бөлігі Rixos қонақ үйіне келіп жетті. Бұл жерде БҰҰ мен Иордания өкілдерінің қатысуымен Сирия бойынша РФ, Иран, Түркия елдерінің кеңесі өтуде.

Сирия оппозициясының өкілдері Астанаға келді

Сириялық оппозиция 16 ақпан күні Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөздердің пленарлық отырысының екінші кезеңінің алдындағы делегацияның өткізіп жатқан кеңесіне келіп қосылды.

Сирия қарулы оппозициясы делегациясының Мохаммед Аллуш бастаған екінші бөлігі Астанаға түнде келеді деп күтілуде.