Сирия процесі: Астанаға қай елдің делегаттары келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең елордада Астана форматында Сирия бойынша 19-шы халықаралық кездесулер басталады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сирия процесі: Астанаға қай елдің делегаттары келеді

Айбек Смадияровтың дерегінше, келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері келеді.

«22-23 қарашада Астана қаласында Сирия бойынша Астана форматында кезекті 19-шы халықаралық кездесу өтеді. Келіссөздерде Ресей делегациясын – Ресей Федерациясы Президентінің Сирияны реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын – Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры Унал Сельчук, Иран делагациясын – Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі Хаджи Али Асгар, Сирия Үкіметінің делегациясын – Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммед Айман Сусан, Сирия оппозициясының делегациясын Ахмад Тома басқарады», - деп мәлім етті Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін Сирия процесінде қандай мәселелер тақыланатынын хабарлап едік.