Сирия: Содырлар Кобанидың тағы бірнеше аудандарын басып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» содырлары Сирияның шекара маңындағы Кобани қаласының тағы бірнеше ауданын басып алды, деп хабарлады ВВС.
Олар күрд көтерілісшілерінің штабтарын басып алып, АҚШ жетекшілік еткен коалициясының әуеден жасаған соққыларына қарамастан қаланы қоршап алуға жақын қалды. Бұған дейін Құрама Штаттардың өкілі Кобаниді қорғап қалу мүмкін еместігін мәлімдеген болатын. Еуроодақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша жоғарғы комиссары Кэрин Эштон ЕО, Түркия мен басқа елдерді «Ислам мемлекетіне» қарсы күресте әлдеқайда тығыз ынтымақтастық онатуға шақырған болатын. Кобаниді басып алса, содырлар Сирия мен Түркия арасындағы шекаралық аумаққа бақылау жүргізеді. Кобани үшін болған ұрыста үш апта ішінде кем дегенде 400 адам қаза болып, 160 мыңнан астам сириялық күрдтер шекара арқылы Түркияға қашты.