Сирия тікұшағы Ливанның елді мекенін атқылады

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Сирия тікұшағы сириялық оппозиционерлер жасырынуы мүмкін Ливанның елді мекеніне әуеден шабуыл жасады. Бұл туралы Утро.ру жергілікті қауіпсіздік органдарының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Сирия тікұшағы Ливанның елді мекенін атқылады

Тікұшақ шекара маңындағы Арсаль қаласына үш зымыран жіберген. Әуе соққысы барысында бірнеше адам зардап шеккен.

Жалпы, сириялық авиацияның Арсаль қаласының төңірегіне шабуыл жасағандығы туралы бұған дейін де хабарланған еді. Дегенмен қала орталығы алғаш рет әуе соққысы нысанына айналып отыр.