Сирия үкіметінің мәмлегері көтерілісшілермен келіссөз кезінде қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия басшылығы тарапының үйлестірушісі отставкадаға бригада генералы Ахмад Гадбан Барад аңғарында көтерілісшілермен келіссөз барысында қаза тапты, деп хабарлайды ресейлік «РИА Новости» агенттігі. 

Сирия үкіметінің мәмлегері көтерілісшілермен келіссөз кезінде қаза тапты

Сенбі кешке қарай жөндеуші бригадамен бірге Айн-әл-Фиджи бұлағынан шығып келе жатқанда үйлестірушіні снайперлік қарудан атып кеткен.

Сирия басшылығы әскери қақтығысты тоқтату мақсатында Барад аңғарындағы қарулы топтармен келіссөздерді жүргізуге жауапты тұлға ретінде Ахмад Гадбанды ұсынған.

Өткен аптада үкімет армиясы мен еріктілер жасағы Шам шаһарын қамтамасыз ететін Барад аңғарындағы жалғыз тұщы су көзі Айн-әл-Фиджиді лаңкестерден азат еткен еді.

Инженерлік бригадалар су көзіндегі қираған инфрақұрылымды қалпына келтіруге кірісті, солармен бірге сапер топтары жарылғыштардан тазартуда.