Сирия жөніндегі Астана процесіне қатысушылар елордаға келуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириядағы соғыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгер елдерінің делегацияларға елордаға келуде. Олар 21-22 желтоқсан күндері өтетін келіссөздердің кезекті раундына қатысатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей делегациясына РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев басшылық жасайды. Ал Түркия тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Ираннан аталған елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари бастаған делегациялар келеді.
Сонымен қатар аталған кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, БҰҰ-ның, байқаушы елдер АҚШ пен Иорданияның өкілдері қатысады деп күтілуде.
Айта кетерлігі, 21 желтоқсан күні екіжақты және көпжақты консультациялар өткізу жоспарланған. Ал 22 желтоқсанда жалпы отырыс өткізу көзделген.