Сирияда әуе шабуылы кезінде 80 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда үкімет жасағы тағы да әуеден соққы беріп, 80 адам ажал құшты.

Сирияда әуе шабуылы кезінде 80 адам мерт болды

Бұл туралы 24.kz жазады.

Олардың көбі бейбіт тұрғындар. Тағы 200-ге жуық кісіні жарақаттаған қанды қырғын Дума қаласында болған. Бұл шаһар қазір көтерілісшілердің бақылауында. Жалпы, бұл соғыс Сирияда 2011 жылы басталған болатын. Азаматтық соғыс 200 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Миллондаған тұрғын елден қашуға мәжбүр болды.