01:01, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Сирияда әуе шабуылының салдарынан 60-қа жуық бейбіт тұрғын қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия үкіметтік Әуе қорғаныс күштері «Ислам мемлекеті» содырларының елдің солтүстігіндегі позицияларына әуеден соққы беруі салдарынан 59 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлады Сириядағы адам құқықтары жөніндегі Бақылау кеңесінен.

Соққылар «Ислам мемлекетінің» қадағалауындағы Эль-Баб қаласына жасалған. Құқық қорғаушылардың мәліметтерінше, бұл ретте кассеталық оқ-дәрілер қолданылған.
БҰҰ-ның Сирия бойынша бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура осыған байланысты «сириялық ӘҚК-нің өз аумағындағы шабуылдарына жол берілмеуі керек» екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ «кассеталық бомбаларды қолдану тоқтатылуы тиіс» екенін айтып өтті.