Сирияда әуе соққысы салдарынан қаза болғандар саны 40-қа жетті
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Сириядағы әуе соққыларының салдарынан қаза тапқандар саны 40-қа жетті. Бұл туралы сириялық құқық қорғаушыларға сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.
«Тарик әл-Баба елді мекенінде көтерілісшілерге қарсы бағытталуы тиіс зымыран қарапайым қала тұрғындары көп жүретін көшеге түскен. Осының салдарынан бейбіт халық зардап шекті», - деп хабарлады сириялық құқық қорғау ұйымының басшысы.