Сирияда бір тәуліктің ішінде 200-ден астам адам өлтірілді
АСТАНА. 19 шілде. Қазақпарат - Сирияда кеше үкімет әскерлері мен көтерілісшілер арасында болған қақтығыстан 200-ден астам адам қаза тапты,
деп хабарлады Би-Би-Си.
Бұл ұлттық қауіпсіздік қызметінің ғимаратындағы жарылыстың салдарынан өлтірілген, президент Башар Асадтың жанында қызмет ететін 3 жоғары лауазымды тұлғаны қоса алмағандағы мәлімет.
Қақтығыстар Дамаскіде түні бойына жалғасты. Үкімет пен көтерілісшілер тарапы екі жақтан да өлтірілген адамдардың шығыны жайлы хабарлауда. Қарулы оппозицияның таратқан ақпаратына көз жүгіртсек, үкіметтік күштер Сирияның астанасында танктер мен зеңбіректер қолдануда. Олардың мәліметтері бойынша, Дамаскіге танкілер тоқтаусыз келіп жатыр.
Өткен тәулікте қаза болғандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар, деп хабарлады Лондонда орналасқан «Сириядағы адам құқықтарын бақылайтын мониторинг орталығы». Дереккөздер хабарлағандай, кеше Сирияның барлық аумақтары бойынша кем дегенде 124 азаматтық тұлға, үкіметтік әскердің 62 әскери қызметкері және 28 көтерілісші қаза тапты.
Құқық қоғаушылар атап өткендей, тек Дамаскінің өзінде бір тәулікте 38 адам көз жұмды.