Сирияда бір тәуліктің ішінде 90-ға жуық адам ажал құшты

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Сирия оппозициясының белсенділері хабарлағандай, бұл елде бейсенбі күні үкімет әскерлері 90-ға жуық адамды өлтірген.

Сирияда бір тәуліктің ішінде 90-ға жуық адам ажал құшты

Дамаскі, сондай-ақ Хомс және Дараа қалалары зеңірек оғының астында қалды.

 Сирияның билік өкілдері мәлім еткендей, бейсенбі күні 7 елді мекенде көтерісшілермен қақтығыста  қаза тапқан 20 сарбаз жерленді.