10:46, 06 Мамыр 2017 | GMT +5
Сирияда деэскалациялық аймақ құру туралы келісім содырларды оппозициядан бөледі - РФ Қорғаныс министрлігі
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Сирияда деэскалациялық аймақ құру туралы меморандум - оппозицияны ДАИШ және «Джабхат ан-Нуср» террористік тобынан бөлуге мүмкіндік беретін маңызды құжат болып табылады. Бұл туралы Сирия аумағында деэскалациялық аймақ құру туралы Астанада қол қойылған меморандумды жүзеге асыру қағидалары мен негізгі ахуалына арналған брифингте РФ қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Александр Фомин мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Мәскеудегі тілшісі РФ ҚМ Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.
«Меморандум - сол жердегі оппозицияны ДАИШ және «Джабхат ан-Нуср» террористік топтарынан бөлуге мүмкіндік беретін маңызды құжат болып табылады», - деп атап өтті РФ қорғаныс министрінің орынбасары.
Оның айтуынша, деэскалациялық аймақтағы тұрғындарға ешбір кедергісіз гуманитарлық көмектер көрсетіліп, медициналық, азық-түлік және басқа да қажетті заттар жеткізілетін болады.
Сонымен қатар, бұл аймақта инфрақұрылымдық нысандар қалпына келтіріліп, ең алдымен, сумен және энергиямен жабдықтау жұмыстары қолға алынады.