Сирияда гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс айтты

ДАМАСК. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Сирия халқының арасындағы достастық бірнеше ғасыр алдын басталып, әл-Фарабидің дәуірінен бері жалғасын тауып келеді. Сирия үкіметі өңірдегі терроризммен күрес барысында Қазақстан өз үлесін қосып келеді деп есептейді. 

Сирияда гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс айтты

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға гуманитарлық көмекті сириялық билікке табыстауға жауапты, Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Азамат Бердібай бастаған Қазақстан делегациясымен болған келіссөздерден кейін Сирия Араб Республикасы сыртқы істер және көші-қон министрінің орынбасары Фейсал Аль-Мекдад сұхбат барысында айтты.

null  

«Сирия Араб Республикасы аумағындағы алғашқы қазақстандық журналистер тобын құттықтағым келеді. Мен өзім Астанада екі рет болып, Қазақстан астанасының керемет екендігіне көз жеткіздім. Қазір Сирия бұрын болмаған ірі көлемдегі терроризммен күресіп, қиын жағдайларды бастан кешіруде. Қазіргі таңда терроризммен күресе отырып, барлық әлемді қорғаудамыз. Себебі, ДАИШ (ИГИЛ) және «Джабхат ан-Нусра» секілді ұйымдар біздің өңірде позицияларын нығайтса, олардың келесі қадамдары бүкіл әлем елдеріне бағытталады. Сондықтан, Қазақстан өз елінің ішінде болсын, Орталық Азия немесе Таяу Шығыста, Сирияда болсын, лаңкестік пен экстремизмді уақытылы анықтап, күрес жүргізе алатындығына күмәніміз жоқ. Біз терроризмге қатысты Қазақстанның ұстанымын білеміз және осы мәселені шешу барысында арқа сүйей аламыз. Осыған орай, Қазақстан көрсетіп отырған гуманитарлық көмектің біз үшін маңызы орасан зор. Қазақстан Республикасына және Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қол ұшын беріп отырғаны үшін алғыс айтамын», - деді Аль-Мекдад.

null null