Сирияда химиялық қару табылды

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - БҰҰ қарусыздандыру мәселелері бойынша өкілі Анджела Кейн Дамаскіге Сирия үкіметімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.

Сирияда химиялық қару табылды

Олар елде химиялық қарудың қолданылу жағдайларын талқылаған. А.Кейннің сапары содырлардың жасырын қоймасы әшкереленуімен тұспа-тұс келді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, әскерилер Дамаск маңындағы туннельдерде әскери улы заттарды анықтаған. Ізінше сол орында қанды шайқас басталып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда Дамаскіге зымыранды шабуыл жасалды. Түрлі ақпарат бойынша, 1000-нан астам адам шабуыл құрбанына айналған. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун химиялық қарудың қолданылуына қатысты тергеу жүргізуге шақырды. Сириялық оппозиция БҰҰ комиссиясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде беріп отыр.