22:44, 13 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Сирияда исламшылар Құдайға тіл тигізгені үшін төрт адамның басын кесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» тобының содырлары Сирияда Құдайға тіл тигізгені үшін төрт ер адамның басын кесті, деп хабарлады Рейтер агенттігі Лондондағы «Сириядағы адам құқығын бақылау» ұйымына сілтеме жасап.
Құқық қорғаушылардың ақпаратынша, адамдар Хомс қаласының шығысындағы ауылдардың бірінде өлтірілген.
Осыған ұқсас жағдай туралы олар сейсенбі күні хабарлаған. Онда қала орталығында адамның басын кесіп тастағын.
Сонымен қатар, Сирияның солтүстігінде жұма намазынан кейін «Ислам мемлекетінің» содырлары бір еркек пен әйелді жолдасының көзіне шөп салды деп айыптап, оларға тас лақтырған.
Жергілікті тұрғындар мен белсенділер Сирия мен Ирактағы ислам тобының бақылауындағы аудандарда адамдардың басы шабылып, оларға тас лақтыру жазалары пайдаланылып жатқанын айтады.
Мұндай жазаға зинақорлық, гомосексуализм, Құдайға тіл тигізу сынды шариғат заңының бұзылуы себеп болуы мүмкін.