Сирияда лаңкестер 400-ден астам адамды кепілдікке алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак пен Левант лаңкестік тобы Сирияның Дэйр-эз-Зор қаласында 400-ден астам бейбіт тұрғынды кепілдікке алды. Тұтқынға түскендердің арасында бала-шаға көп деген ақпарат бар.

Сирияда лаңкестер 400-ден астам адамды кепілдікке алды

Содырлар олардың барлығын өздері басып алған аймаққа алып кеткен. Бұған дейін экстремистер мен үкімет әскерінің арасындағы қақтығыстан 335 адам қырылған болатын. Марқұмдардың арасында сарбаздар мен қарапайым тұрғындар көп, деп хабарлады 24.kz.

Айта кетейік, Дэйр-эз-Зор қаласы ел астанасы Дамаскіден 430 шақырым жерде орналасқан.