Сирияда полиомиелит індеті қауіп тудырып отыр - ДДСҰ
АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сириялық балалар арасында полиомиелитке шалдығудың 10 оқиғасын растады. Олардың басым бөлігі - екі жасқа дейінгі сәбилер.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, тағы 12 балаға қатысты қосымша зертханалық шаралар жүргізілуде. ДДСҰ-ның хабарлауынша, бұл - Сирияда 14 жылдан бергі пайда болған індеттің алғашқы ошағы.
Мамандардың пікірінше, вирустың барша өңірге таралу қаупі бар.
Полиомиелит (жұлынның қабынуы) - негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру.
БҰҰ деректері бойынша, Сирияда 500 мыңға жуық балаға аталған дертке қарсы егу шаралары жүргізілмеген.