Сирияда провинция губернаторы лаңкестік әрекеттің құрбанына айналды
ӘБУ-ДАБИ. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Жексенбі күні лаңкестік әрекет нәтижесінде Сирияның Хама провинциясының губернаторы Анас Әбдел Раззак әл-Наем өлтірілді.
Сирияның мемлекеттік телевидениесінің хабарлауынша, шенеунік Джаражма ауданындағы автомобиль жарылысының құрбаны болған. А. әл-Наемды губернатор лауазымына Сирия президенті Башар Асад 2011 жылғы шілде айында тағайындаған болатын.