Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сирияда Ресей генералы ауыр жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда Батыс әскери огругінің әскери дайындық басқармасы штабының басшысы генерал-майор Петр Милюхин ауыр жараланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Сирияда Ресей генералы ауыр жараланды

Милюхин қазір Бурденко атындағы әскери клиникалық госпиталінің жансақтау бөлімінде жатыр, деп мәлім етті қабылдау орнынан. Бірақ олар оның қалай, қай жерде жараланғанын айтудан бас тартты.

Бұдан бұрын Милюхиннің Сирияда Пальмир үшін болған шайқас кезінде минаға ұрынғанын "Фонтанка" газеті жазған еді.

Басылымның мәліметтері бойынша, жарылыс салдарынан ол екі аяғынан және көзінен айрылған.

Генерал алғашқы медициналық көмекті оқиға болған жерде алды. Артынша мәскеулік ауруханаға жеткізілді.