Сирияда Ресейдің Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырады
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Сирияда Ресей Федерациясының Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігіне сілтемемен ТАСС хабарлайды.
«Сирия Араб Республикасының шығыс аудандарында жоспарлы ұшу тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты», - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, министрлік іздеу-құтқару тобы екі ұшқыштың денесін базалық әуежайға жеткізгенін мәлім етті.
«Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін», - деп хабарлаған РФ ҚМ өкілдері.