Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда ресейлік Ан-26 ұшағы жерге қонғалы жатқанда апатқа ұшырап, 32 адам мерт болған, деп жазады ТАСС.

Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адам мерт болды

Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлаған.

«6 наурызда Мәскеу уақытымен 15:00-де Хмеймим әуе айлағына қонайын деп жатқан Ан-26 ресейлік көлік ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала дерек бойынша, ұшақтың бортында 26 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты», - делінген хабарламада.

«Алдын ала дерек бойынша, әуе апаты техникалық ақау салдарынан болған», - деп мәлім еткен әскери ведомстводан. 

Фото: Vitaliy Nevar/TASS