Сирияда VII ғасырға тиесілі Омар мешіті жарылыстан жартылай қирап қалды

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Сирияның Дарайя қаласындағы Омар мешіті жарылыстан жартылай қирап қалды. Үкімет әскері мен көтерілісшілер жетінші ғасырда тұрғызылған көне құлшылық үйінің жарым-жартылай үйіндіге айналғанын бір-бірінен көріп, бір-бірін жазғыруда. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.
None
None

«Күл-талқаны шыққан ғибадат үйінің мұнарасы бейне таспаға түсіріліп, YouTube-қа орналастырылған. Айта кететін жайт, дәл осы мешітте 2011 жылы Башар Асадтың режиміне қарсы алғашқы наразылық акциясы өткен болатын», - деп жазады Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.

Соңғы жаңалықтар