21:23, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Сирияда жауынгерлер жарып жіберген мұнай зауыты өртеніп жатыр
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Жауынгерлер бейсенбі күні Хомстағы мұнай өңдеуші зауытқа шабуылдады, деп хабарлайды Росбалт.

Зауыт директоры Акрам Сұлтанның сөзіне қарағанда, зымырандардың бірі мұнай қоймасына келіп түсіп, құлақ тұндыратын жарылыс пен өрт орын алған.
Қазіргі сәтте өрт сөндірушілер өртті ауыздықтауға және оның мұнай зауытының тұтас аумағына жайылуына жол бермеуге тырысуда. Құрбандар туралы ақпарат жоқ.
Бұрын хабарланғандай, бейсенбіде Алеппо Солтүстік Сирия провинциясына зымыранмен шабуылдау салдарынан алты адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Зымырандарды лаңкестер Азамия ауданы бойынша ұшырған және олар мешітке жақын жерде жарылған болатын. Жарылыстан бейбіт тұрғындар қаза тауып, зардап шекен.