17:56, 15 Наурыз 2013 | GMT +5
Сирияда жүрген Қазақстанның оншақты азаматы елге қайтарылды - СІМ
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Сирияда жүрген Қазақстанның оншақты азаматы Ливан, Түркия және Ресей аумағы арқылы әуе жолдарымен елге оралды. Бұл туралы бүгін СІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.

«Сирия Араб Республикасында ішкі ахуалдың күннен күнге күрделене түсуіне байланысты, Консулдық қызмет департаменті, Иордан Хашимит Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігі мен Амман қаласында уақытша орналасқан Сириядағы Консулдық Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруда. Осыған байланысты, Сириядан ағымдағы ақпан-наурыз айларында 10-ға тарта Қазақстан азаматтары Ливан, Түркия және Ресей аумағы арқылы әуе жолдарымен елге қайтарылды», - дейді ресми өкіл Жанболат Үсенов.