Сирияда журналистер босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олланд Сирияда бір жылға жуық кепіл тұтқын болған француздық төрт журналистің босатылғаны жайында хабарлады.
None
None

Олландтың сөзіне қарағанда, журналистер сенбі таңертең босатылды және барлығының да хал-жағдайы қалыпты. Олар таяу уақытта Францияға оралады деп күтілуде.

Аталған тілшілерді қолдары мен көздері байланған күйінде Сириямен шекаралас аумақта түркиялық сарбаздар тауып алған екен.

Төрт ер азамат былтырғы шілдеде Сирияда жоғалған болатын. Оларды «Ирак және Левант ислам мемлекеті» тобы кепіл тұтқынға алды деп айыпталды.

2011 жылы Сирияда қарулы қақтығыс басталғаннан бері елде 60 журналист ажал құшты.

Соңғы жаңалықтар