Сирияда зымыранмен атқылау нәтижесінде ЕО елшілігінің қызметкері көз жұмды

БРЮССЕЛЬ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Сирияда зымыран шабуылы нәтижесінде Еуроодақ елшілігінің қызметкері көз жұмды.
None
None

Бұл туралы Брюссельде ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның хабарламасында айтылған.

Хабарламада көрсетілгендей, Сириядағы ЕО елшілігінің қызметкері Ахмад Шихадех (Ahmad Shihadeh) кеше Дамаскіден шалғай орналасқан Дерайя қаласында зымыран атқылауы нәтижесінде көз жұмды. К.Эштонның сөзіне қарағанда, А.Шихадех Дерайя қаласының тұрғындарына ЕО жүйесі бойынша гуманитарлық көмек көрсету мәселелерімен айналысқан.

Соңғы жаңалықтар