Сириядағы әскери аэродром маңынан бес адамның мәйіті табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Сирияның Хомс қаласындағы Т4 әскери аэродромының маңынан бес адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Anadolu.

Сириядағы әскери аэродром маңынан бес адамның мәйіті табылды
Фото: ТАСС

Сирияның «Әл-Ихбария» мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, Хомс провинциясында аумақты барлау жұмыстарын жүргізген техникалық топтар Т4 әскери аэродромының маңынан бес адамның мәйітін тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бірнеше күн бұрын аэродром маңындағы аумаққа заңсыз кіріп, минаға жарылған.

Қазіргі уақытта қаза тапқандардың кім екені туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, кеше Сирия астанасында жарылыс болып, бірнеше адам зардап шеккенін жаздық.