Сириядағы әскери қақтығыс ел экономикасының дамуын 40 жыл кейінге ығыстыруда

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылы басталған Сириядағы әскери жанжал бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын 40 жыл кейінге ығыстырып отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның Батыс Азия елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының баяндамасында айтылған.

Сириядағы әскери қақтығыс ел экономикасының дамуын 40 жыл кейінге ығыстыруда

«Егер дағдарыс жалғаса беретін болса, онда Сирия жыл сайын экономикалық даму тұрғысында 7 жыл кейінге оралып отырады», - делінген аталған баяндамада. Баяндама мәліметтеріне қарағанда, Сирия ЖІӨ үшін жыл сайынғы шығын 109 млн. долларға жетіп отыр. Бұған қоса жұмыссыздық еңбекке қабілетті халықтың 42 пайызын құрайды. Ал оқушылардың 38 пайызы оқуларын жалғастыруларын доғарған. «Сириядағы дағдарыстың жалғасуы ай сайын 6 мың адамның өліміне әкеледі. Сондай-ақ апта ішінде 10 мың сириялық жұмысынан айырылады», - делінген құжатта. Халықаралық ұйымның бағалауынша, Сириядағы қақтығыс басталғаннан бері 130 мың адам қаза тауып, 2,4 миллионы елінен безіп кетті.