Сириядағы әскери операциялары салдарынан 103 адам қаза тапты

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Сирияның Хомс қаласындағы бомбалау салдарынан 103 адам қаза тапты. Мұндай мәліметтерді елдің құқық қорғау ұйымдары келтіреді, деп хабарлайды Утро.ру.
None
None

Қаза тапқандардың көбі - бейбіт тұрғындар екені, соның ішінде 14 бала және бір әйел болғаны туралы хабарланған. Оппозиционерлердің айтуынша, бомбалау кезінде сондай-ақ сириялық әскердің әрекеттерін түсіріп, оны YouTube сайтына салып жүрген Анас аль-Таршех құқық қорғау қозғалысының белсендісі өлтірілді.

2011 жылдың мамыр айынан бастап Сирияда билік пен оппозицияның бір-біріне қарсы шығуы жалғасып, азаматтық соғысқа айналу қаупі бар. БҰҰ-ның бағалауынша, шиеленіс кезінде аз дегенде 5,4 мың адам қаза тапты, олардың көбі - бейбіт адамдар. Сириялық оппозиция құрбан болғандардың санын кемінде 7,5 мың адам деп санайды.

Соңғы жаңалықтар